Қарсы бағытқа шыққан: Атырауда той кортежінің жүргізушілері жауапқа тартылды

Видео скрині
Видео скрині
Той кортежіндегі жастар жол ережесін бұзған.

Атырауда той кортежіне қатысқан жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған. Полиция мәліметінше, олар жолда қауіпті жағдай туғызып, соның ішінде қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен.

Оқиғаға Toyota Camry, Lada Granta және екі Lada Priora көлігі қатысқан. Көліктердің тізгінінде 2004, 2006 және 2008 жылы туған жастар болған.

Жүргізушілер қауіпті маневрлер жасаған

Полицияның хабарлауынша, Toyota Camry жүргізушісі қауіпті маневр жасаған. Кортеждегі өзге жүргізушілер де жол ережелерін сақтамаған: бұрылу талаптарын бұзып, қауіпсіздік белдігін тақпаған және көлік басқару кезінде телефон пайдаланған.

Бұдан бөлек, кейбір көліктердің техникалық жағдайы талаптарға сәйкес келмегені анықталған.

Жүргізуші куәлігі жоқ адам көлік басқарған

Тексеру барысында Lada Priora көліктерінің бірін басқарған жүргізушінің куәлігі болмағаны белгілі болды. Оған көлік жүргізуге рұқсат берген көлік иесі де жауапкершілікке тартылды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау