25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.
25 қазанда Қазақстанда Республика күні атап өтіледі. Осыған орай Алматыда тұрғындар мен қала қонақтарына арналған мәдени-бұқаралық, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады. Мерекелік бағдарламада концерттер, музей және кітап көрмелері, дөңгелек үстелдер, спорттық жарыстар, зияткерлік ойындар, байқаулар, танымал тұлғалармен кездесулер, флешмобтар мен жастар акциялары бар. Сондай-ақ "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында сенбілік өткізу жоспарланған.
Негізгі іс-шаралар кестесі:
- 23 қазан: Республика сарайында Республика күніне арналған мерекелік концерт өтеді. Сағат 18:30-да "Алатау" дәстүрлі өнер театрында "Егемен ел – еңселі ел" концерті ұйымдастырылады.
- 25 қазан: "Медеу" спорт кешенінде Қазақстанның Мемлекеттік туын көтеру рәсімі өтеді.
- 25 қазан, 17:00–21:30: Абай алаңында танымал өнерпаздардың қатысуымен ашық аспан астында мерекелік концерт өтеді.
- 10–25 қазан: Кітап оқуға қызығушылықты арттыруға арналған "Оқитын ұлт – озық ұлт" жалпықалалық акциясы өтеді.
- 20–25 қазан: Мемлекеттік академиялық қуыршақ театрында IV халықаралық Almaty Puppet Festival – 2026 фестивалі ұйымдастырылады.
Алматы аудандарындағы іс-шаралар кестесі
Республика күніне арналған мерекелік бағдарламалар қала аудандарында да өтеді.
Алмалы ауданы
22 қазан, сағат 15:00 – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінде мерекелік концерт (Абылай хан даңғылы, 83).
Түрксіб ауданы
22 қазан, сағат 15:00 – №6 Оқушылар үйінде концерт.
Әуезов ауданы
22 қазан, сағат 15:00 – «Нархоз» университетінде мерекелік іс-шара (Жандосов көшесі, 55).
Наурызбай ауданы
22 қазан, сағат 14:30 – Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында концерттік бағдарлама (Шұғыла шағынауданы, 347/4).
Жетісу ауданы
23 қазан, сағат 11:00 – Мәдениет үйінде мерекелік іс-шара (Кемел шағынауданы, Есім хан көшесі, 127).
Медеу ауданы
23 қазан, сағат 12:00 – Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында салтанатты концерт.
Бостандық ауданы
23 қазан – Satbayev University-де концерттік бағдарлама.
Алатау ауданы
24 қазан, сағат 18:00 – "Алатау" дәстүрлі өнер театрында мерекелік концерт.
Сонымен қатар мерекелік іс-шаралар қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты әлеуметтік орталықтарда да өтеді. Онда қызмет алушыларға концерттік және ойын-сауық бағдарламалары ұсынылады.
Республика күніне арналған мәдени шаралар шетелде де ұйымдастырылады. 21–29 қазан аралығында "Алматы әуендері" КМҚК-ның "Сазген сазы" фольклорлық-этнографиялық ансамблі қала билігінің қолдауымен Италияның Рим және Флоренция қалаларында концерт береді.