Оралда "Хан тоғайы" экологиялық саябағы ашылды

Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
1812 жылы осы аумақта Бөкей сұлтанды хан көтеру рәсімі өткен. Кейін оның ұлы Жәңгір де осы жерде хан тағына отырған. 

Республика күніне орай Орал қаласында "Хан тоғайы" экологиялық саябағы ашылды. Салтанатты рәсімге Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов, табиғат жанашырлары, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Өңірде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған "Таза Қазақстан" жалпыұлттық бағдарламасы аясында табиғи аумақтарды сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың демалысына қолайлы жағдай жасауға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылды. Экологиялық саябақтың ашылуы – осы мақсаттан туған маңызды жобалардың бірі.

Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Жайық пен Шаған өзендерінің тоғысында орналасқан "Хан тоғайы" – өңір тарихымен тығыз байланысты бай шежірелі мекен. 1812 жылы осы аумақта Бөкей сұлтанды хан көтеру рәсімі өткен. Кейін оның ұлы Жәңгір де осы жерде хан тағына отырған. 

Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Салтанатты рәсімде облыс әкімінің орынбасары аймақ басшысы Нариман Төреғалиевтің Республика күніне арналған мерекелік құттықтауын жеткізді. Ол жаңа нысанның ашылуы тарихи мекенге құрметтің көрінісі екенін атап өтті. 

"Хан тоғайы" – халқымыздың тарихымен сабақтасқан, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен мұрамыздың бір бөлігі. Осындай тарихи әрі табиғи байлықты сақтау, абаттандыру және келешек ұрпаққа аманат ету – ортақ міндетіміз. Жаңа эко-саябақ қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналады деп сенемін", – деді Қалияр Айтмұхамбетов.

Жеке инвестиция есебінен және орман шаруашылығы мекемелерінің қолдауымен жасақталған саябақта демалыс орындары, шаңғы жолдары, балаларға арналған сырғанақтар мен ойын алаңдары, алтыбақан, фотоаймақ және шахмат тақталары орналастырылған. SAYAT этнотуристік орталығы саябақты күтіп ұстау жұмыстарымен айналысады.

Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Салтанатты шарадан соң саябақ аумағына ағаш егу шарасы ұйымдастырылды. Жас көшеттерді қоса есептегенде мұнда биыл 500-ге жуық емен, терек және қарағай отырғызылған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау