Астана әуежайында жолаушылар ұшу алдында биометриялық тексеруден өтуі мүмкін

Фото: Астана халықаралық әуежайы
Фото: Астана халықаралық әуежайы
Астана әуежайында биометриялық аутентификация енгізу жобасы талқылауға шығарылды.

Астананың халықаралық әуежайында жолаушыларды жасанды интеллект көмегімен биометриялық тексеру жүйесін енгізу ұсынылды. Тиісті жоба 4 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

Ашық нормативтік құқықтық актілер порталында жарияланған құжатта жаңа жүйе жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталғаны айтылған.

"Жоба Астана әуежайында жолаушыларға қызмет көрсету жұмысын жақсартуға арналған. Биометриялық аутентификация арқылы жобаны енгізу жолаушыларға қызмет көрсету ісін жеделдетуге, ұшу алдындағы рәсімдерден жылдам өтуге және Астана әуежайындағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді", – делінген құжатта.

Құжатта бастаманың әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдары болмайтыны көрсетілген. Қазір жоба қоғамдық талқылау кезеңінде. Биометриялық тексеру жүйесін енгізу жөніндегі ұсыныс талқылау қорытындысы бойынша қаралады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау