LRT құрылысына байланысты Алматы көшелерінде қозғалыс шектеледі

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту белгілері орнатылады.

Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Абылай хан даңғылы мен Момышұлы көшесінің жекелеген бөліктерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, 24 қазан сағат 08:00-ден 26 қазан сағат 20:00-ге дейін Абылай хан даңғылының Райымбек даңғылынан Тузов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі.

Сонымен қатар 24-29 қазан аралығында сағат 22:00-ден 10:00-ге дейін Момышұлы көшесінің Мөңке би көшесінен оңтүстікке қарай орналасқан бөліктерінде және Рысқұлов даңғылымен қиылысында көлік қозғалысы шектеледі. 

Сурет: Almaty_Joly Telegram арнасы

 

"Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту белгілері орнатылады. Жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – делінген хабарламада. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау