Қазақстанда мемлекеттік бюджет есебінен өтелетін қызметтік іссапар шығындарын оңтайландыру жоспарланып отыр. Қаржы министрлігі осыған қатысты арнайы жоба әзірлеп, оны "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға шығарды.
Жоба мәтінінде бюджет қаражаты есебінен, соның ішінде шетелге жасалатын қызметтік іссапарларға байланысты шығындарды өтеу тәртібі Үкімет бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асатыны көрсетілген. Құжаттың негізгі мақсаты – осы бағытқа жұмсалатын бюджет шығынын оңтайландыру.
Қаржы министрлігі жобаны Президент Әкімшілігінің 2026 жылғы 18 қыркүйектегі тапсырмасы негізінде әзірлеген. Сондай-ақ оған премьер-министрдің 2026 жылғы 11 шілдедегі «Барлық бюджеттік бағдарламаларды аудиттеу нәтижелерін іске асыру жөніндегі жол картасы» тапсырмасының 2.22-тармағы негіз болған.
Қоғамдық талқылау 5 қарашаға дейін жалғасады
Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Қоғамдық талқылау 2026 жылғы 5 қарашаға дейін жалғасады.
Айта кетейік, бұған дейін Құрылтай депутаты Айдос Сарым бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану көлемі 648 млрд теңгеге жеткенін мәлімдеген. Оның айтуынша, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есе көп.