"Мыс кені деп бүркемелеген". 1,5 млрд теңгенің шикізатын заңсыз экспорттамақ болғандар ұсталды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
2,6 мың тонна алтын құрамды кенді шетелге заңсыз алып кетпек болғандар ұсталды.

Жетісу облысында жалпы құны 1,5 млрд теңге болатын 2,6 мың тонна алтын құрамды кенді шетелге заңсыз шығармақ болғандар ұсталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдіктілер шикізаттың нақты құрамын жасыру үшін кедендік құжаттарда оны "мыс кені мен концентраттары" деп көрсеткен.

Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлері күмәнді жағдайды анықтап, тергеу бастаған. Тергеу барысында Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарындағы қоймалардан ірі контейнерлерге тиелген 1 000 тоннадан астам шикізат табылған.

Екі күдікті қамауға алынды

Тергеу барысында заңсыз әрекеттерді ұйымдастыруға қатысы бар RedGold Mining ЖШС экспорттаушы компаниясының директоры және өзге де тұлғалар анықталды.

"Екі күдікті қамауға алынды. Соттың рұқсатымен серіктестіктің ақшалай қаражатына тыйым салынды", – деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Ведомство Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеудің өзге мәліметтерін жариялаған жоқ.

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау