Ұлттық тестілеу орталығының хабарлауынша, 28 қазанда білім беру ұйымдарының басшыларын лауазымға конкурстық негізде тағайындау үшін тестілеу өтеді.
Үміткерлер оған қатысу үшін 26-27 қазан аралығында app.testcenter.kz сайтында өтініш беруі қажет.
Тестілеу 6 блоктан тұрады:
- ҚР Еңбек кодексі – 10 тапсырма, шекті балл – 5 балл;
- ҚР "Білім туралы" Заңы – 10 тапсырма, шекті балл – 5 балл;
- ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңы – 10 тапсырма, шекті балл – 5 балл;
- ҚР "Педагог мәртебесі туралы" Заңы – 10 тапсырма, шекті балл – 5 балл;
- ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы – 4 тапсырма, шекті балл – 2 балл;
- ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы – 4 тапсырма, шекті балл – 2 балл.
Айта кетейік, тестілеуге қатысу ақылы, оның құны – 9403 теңге.
Оқи отырыңыз:
Алматы мен Астанада қанша педагог-зейнеткер мектепте жұмыс істеп жүр?
TikTok Қазақстанда ЖИ-ді пайдалануға арналған білім беру бастамасын іске қосады