Қазақстан халқы, әсіресе жастары төл шежіремізді терең танып, оған құрметпен қарай бастады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтып, оны өте жақсы үрдіске балады.
"Біз егемендікке ата-бабаларымыздың бойындағы мықты ерік-жігер мен өшпес рухтың арқасында қол жеткіздік. Халқымыз Тәуелсіздік жолында құрбан болған ерлердің, бостандық үшін жанқиярлықпен күрескен тұлғалардың есімін әрқашан жадында сақтайды. Аға буын тар жол, тайғақ кешуден өтсе де, барлық сын-қатерді еңсеріп, ел үшін қажырлы қызмет етті. Халқымыз, әсіресе жастарымыз төл шежіремізді терең танып, оған құрметпен қарай бастады. Бұл – өте жақсы үрдіс", – деді президент.
Мемлекет басшысының сөзінше, тарихқа тек біржақты көзқараспен қарауға болмайды.
"Біздің тарихымыз – ұлы жеңістердің, мәңгілік мұралар мен теңдессіз дәстүрлердің шежіресі. Біздің тарихи деректерге толы даңқты жолымызды жігерлі, табанды, жасампаз тұлғалар жазды. Олардың өмірі мен ұстанымы – жас ұрпаққа үлгі-өнеге. Түптеп келгенде, елдігіміздің тұғырын мемлекетшіл, отаншыл, парасатты, адал, еңбекқор адамдар нығайтады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
2019 жылдан бері Қазақстанның экономикасы 30 пайызға жуық өсті – президент
Президент қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады