Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында шетел валюталарының бағамы жарияланды. Kurs.kz мәліметінше, екі қалада доллар, еуро және рубльдің сатып алу және сату бағасы әртүрлі.
Елорданың ақша айырбастау пункттерінде валюта бағамы мынадай:
- АҚШ доллары: сатып алу – 445 теңге, сату – 452 теңге;
- Еуро: сатып алу – 497 теңге, сату – 507 теңге;
- Ресей рублі: сатып алу – 5,20 теңге, сату – 5,40 теңге.
Алматыдағы валюта бағамы
Алматының ақша айырбастау орындарында шетел валюталары мына бағамен саудаланып жатыр:
- АҚШ доллары: сатып алу – 447,59 теңге, сату – 449,88 теңге;
- Еуро: сатып алу – 502,02 теңге, сату – 506,27 теңге;
- Ресей рублі: 5,26–5,36 теңге аралығында.
Валюта бағамдары ақша айырбастау пунктіне қарай өзгеруі мүмкін.