Каникул кезінде мұғалімдердің еңбекақысы қалай есептеледі

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Демалыс мерзімінің ұзақтығы жалақынының есептелуіне ешқандай әсер етпейді.

Қазақстандық Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының баспасөз қызметі каникул кезінде мұғалімдерге еңбекақы қалай төленетінін түсіндірді. 

Бұл процесс Үкіметтің "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысымен реттеледі. Оған сәйкес, қысқы, көктемгі және жазғы каникул кезеңінде жасалған жұмыстар үшін педагогтардың еңбекақысы нақты жүктемені есептей отырып, каникул басталғанға дейін болған тарифтеу кезінде (қосымша ақыларымен) белгіленген жалақы есебінен төленеді. 

"Осыған қоса, оқу тоқсандары арасындағы және оқу жылы басталғанға дейінгі каникул кезінде, демалыс күндерін қоспағанда, білім беру ұйымдарының педагогтарына жалақы нақты жүктемені ескере отырып, каникул басталар алдындағы тарифтеу кезінде белгіленген айлық жалақы есебінен есептеледі. Сонымен қатар, Салалық деңгейде оқу-ағарту қызметкерлері үшін еңбек жағдайын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған Салалық келісімде тараптар оқушылардың күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы каникулдары кезеңінде педагогтарға еңбекақы төлеу нақты оқу жүктемесін ескере отырып, каникул басталар алдындағы тарифтеу кезінде белгіленген жалақы есебінен (қосымша және үстеме ақыларымен) жүзеге асырылады деп ұйғарылған", – дәлінген кәсіподақ түсіндірмесінде. 

Инфографика: Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы

Каникул кезінде айлықақы нақты жүктемені қосымша, үстеме ақылары есебімен есептей отырып, каникул басталғанға дейінгі белгіленген жалақы есебінен төленуі тиіс.

Ескерте кетейік, каникул мерзімінің ұзақтығы жалақынының есептелуіне ешқандай әсер етпейді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау