Қанат Құлшыманов президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды

Қанат Құлшыманов. Фото: Үкіметтің ресми сайты
Қанат Құлшыманов. Фото: Үкіметтің ресми сайты
Ол Асқар Омаровтың орнын басты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен Асқар Омаров ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры лауазымынан босатылып, оның орнына Қанат Құлшыманов тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Сондай-ақ, президент өкімімен Евгений Кочетов ҚР Президенті әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі болды. Бұл қызметті оған дейін Қанат Құлшыманов атқарды. 

Қанат Құлшыманов Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-ды журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. PhD докторы ғылыми дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2007 жылы "Қазақпарат" ақпарат агенттігінің тілшісі болып бастады. Әр жылдары Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры, Жамбыл облысының әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің басшысы, ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі жетекшісі болды. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау