Қайта жаңғырған "Маңғыстау" теміржол вокзалы ашылды

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жаңа вокзал жоғары технологиялық hi-tech стильде жобаланған.

"Маңғыстау" теміржол вокзалының қайта жаңғыртылған ғимараты салтанатты түрде ашылып, халық игілігіне берілді, деп хабарлады өңір әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Шара барысында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай вокзалдың жаңғыруы өңірдің көлік инфрақұрылымын жетілдіруге, жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретінін жеткізді.

"Өз басым Маңғыстау вокзалын ең әдемі әрі ерекше нысандардың бірі деп санаймын. Оның теңізбен үндескен келбеті, заманауи сәулеті мен ішкі-сыртқы үйлесімі көңіл қуантады. Маңғыстау теміржолының тарихында аянбай еңбек етіп, теміржол саласының дамуына үлес қосқан ардагерлерге ерекше алғысымды білдіремін. Жаңарған вокзал маңғыстаулықтар мен өңіріміздің қонақтарына сапалы қызмет көрсетіп, халық игілігіне ұзақ жылдар бойы қызмет етсін", – деді әкім.

Жаңа вокзал жоғары технологиялық hi-tech стильде жобаланған. Ғимараттың сыртқы келбетін айшықтайтын витраждар мен қасбеттің сәулеттік шешімдерінде Маңғыстаудың табиғаты мен Каспий теңізінің толқындарынан шабыт алған көркемдік элементтер көрініс тапқан.

Жаңғырту нәтижесінде вокзалдың аумағы айтарлықтай ұлғайды. Бұрынғы ғимараттың ауданы 763,7 шаршы метрді құраса, жаңа үш қабатты кешеннің жалпы аумағы 9 мың шаршы метрге жуықтады. Бұл – бұрынғыдан 11 еседен астам үлкен. 

Жаңартылған вокзал тәулігіне 2500 жолаушыға қызмет көрсетуге есептелген. Ал жазғы қарбалас маусымда бұл көрсеткіш 4 мың жолаушыға дейін жетеді. Жолаушылардың вокзал ішінде еркін әрі кедергісіз қозғалуына жағдай жасау мақсатында алты жеделсаты, екі эскалатор және бес траволатор қарастырылған. Сонымен қатар кешенде кең күту залдары, билет кассалары, ана мен бала бөлмесі және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қолайлы орта ұйымдастырылған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау