Қазақстандық тағы бір әуе компаниясы IATA мүшесі болды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Бұған дейін қауымдастыққа тек Air Astana мүше болатын.

Қазақстандық лоукостер FlyArystan әуе компаниясы Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының мүшесі атанды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұған дейін тек Air Astana әуе компаниясы ғана IATA қауымдастығына мүше болатын. Жалпы, қауымдастыққа әлемнің 120-дан астам еліндегі 370-тен астам әуекомпаниясын біріктіретін салалық ұйым. Қауымдастық мүшелерінің үлесіне әлемдік әуе тасымалы көлемінің шамамен 85 пайызы тиесілі.

"FlyArystan Қазақстан экономикасы үшін маңызды рөл атқарады және ел экономикасына тікелей 2.1 млрд доллар көлемінде үлес қосады. FlyArystan сияқты әуе компанияларының дамуы елдің өркендеуіне одан әрі ықпал етеді. Біз FlyArystan компаниясының саланың басымдықтарын айқындауға белсенді қатысып, ынтымақтастық орнататынына, сондай-ақ Қазақстанда және бүкіл әлемде авиацияның одан әрі дамуына үлес қосатынына сенім білдіреміз", – деді IATA ұйымының Еуропа бойынша өңірлік вице-президенті Рафаэль Шварцман. 

Қауымдастыққа мүше болу FlyArystan компаниясына IATA және басқа да мүше әуекомпанияларымен саланың негізгі басымдықтары бойынша бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл бағыттар ұшу қауіпсіздігі мен операциялық қызметтен бастап, авиация саласының болашақтағы дамуына дейінгі мәселелерді қамтиды. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау