Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекарашылары Қазақстаннан Қытайға 620 дана киік мүйізін заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті. Тәркіленген мүйіздердің қара нарықтағы құны шамамен 180 млн теңге болуы мүмкін.
Мүйіздерді Қытайға алып өтпек болған
ҰҚК мәліметінше, оқиға 20 қазанда "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында болған. Шекарашылар Қытай Халық Республикасына 620 дана ақбөкен мүйізін заңсыз алып өту әрекетін анықтаған.
"Тәркіленген дериваттың қара нарықтағы құны шамамен 180 млн теңгені құрауы мүмкін", – делінген ресми хабарламада.
Қылмыстық іс қозғалды
Қазіргі уақытта осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Оқиғаның өзге мән-жайы әзірге хабарланған жоқ.