Республика күні қарсаңында "Кітап оқитын ұлт" жобасының әнұраны мен бейнебаяны жарық көрді. Туынды кітап оқу мәдениетін дәріптеп, білімнің қоғам дамуындағы маңызын насихаттауға бағытталған, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Әннің сөзі мен музыкасын "Кітап оқитын ұлт" жобасының Астана қаласындағы кеңсе жетекшісі Жақсыбай Боранбаев жазса, бейнебаян Астана қаласындағы Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясының мұғалімі Қамбар Рахметовпен бірлесіп әзірленген. Ән мен бейнебаянды дайындау барысында жасанды интеллект технологиялары қолданылды.
"Қазақ және орыс тілдерінде жазылған ән мәтінінде ұрпақтар сабақтастығы, білімге ұмтылу мен ел бірлігі кеңінен көрініс тапқан. Кітап тың идеялардың қайнар көзі әрі ұрпақтарды жалғайтын рухани құндылық ретінде сипатталады", – делінген хабарламада.
Әнұран мен бейнебаян цифрлық форматта көпшілікке ұсынылды. Жоба халық арасында кітап оқуды кеңінен насихаттап, күнделікті кітап оқу дағдысын қалыптастыруды көздейді.
Нобель лауреаты Мо Янь "Кітап оқитын ұлт" марафонының қатысушыларына үндеу жолдады
"Кітап оқитын ұлт" жобасына миллионнан астам қазақстандық қосылды