Әскерге шақырылған азаматтардың кредит төлемдері кейінге шегеріледі. Қандай талаптар бар

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Әскерге шақырылғандардың 23,5 млрд теңге кредиті кейінге шегерілді.

Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша төлемдерін кейінге қалдыра алады. Бұл жеңілдік әскери қызмет аяқталғаннан кейін тағы екі ай бойы сақталады. Осы кезеңде кредит бойынша сыйақы есептелмейді. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, төлемдерді кейінге қалдыру үшін банкке немесе микроқаржы ұйымына арнайы өтініш берудің қажеті жоқ. Азаматтың мерзімді әскери қызметке шақырылғаны және қызметтен босатылғаны туралы мәліметтер кредиттік бюро арқылы банктер мен микроқаржы ұйымдарына жіберіледі.

Әскери қызметке шақырылғанға дейін проблемалық қарызы болған азаматтарға қатысты берешекті өндіріп алу рәсімдері де уақытша тоқтатылуға тиіс.

"Әскери қызмет аяқталғаннан кейін берешек сақталады. Сондықтан әскерге шақырылғанға дейін кредиттік міндеттемелеріңіздің жай-күйін тексеріп, қажет болған жағдайда оларды реттеу бойынша тиісті шаралар қабылдаған жөн", – деп ескертті агенттік мамандары.

Әскерде жүргенде жаңа кредит алуға бола ма?

Мерзімді әскери қызмет өткеру кезінде жаңа банктік қарыздар мен микрокредиттер беруге тыйым салынған. Банк немесе микроқаржы ұйымы кредиттік бюро арқылы азаматтың мәртебесін тексереді. Егер кредиттік есепте оның мерзімді әскери қызмет өткеріп жатқаны туралы ақпарат болса, оған жаңа қарыз немесе микрокредит берілмейді.

Агенттіктің мәліметінше, соңғы екі жылда 82,1 мың әскери қызметшінің кредит төлемдері кейінге шегерілген. Кейінге қалдырылған кредиттердің жалпы сомасы 23,5 млрд теңгені құрайды.



Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау