Түлектердің 40 пайызы мамандықты болашақ жалақысының мөлшеріне қарай таңдайды

Түлектердің 40 пайызы мамандықты болашақ жалақысының мөлшеріне қарай таңдайды
Ал мамандық таңдауда грант санына маңыз беретіндердің үлесі – 10 пайызға жуық.

Қазақстандық мектеп түлектері болашақ мамандығын қалай таңдайтыны белгілі болды. JUZ40 оқу орталығының 13 246 оқушы қатысқан зерттеуінің нәтижесіне сәйкес, түлектердің 42 пайызы үшін болашақта осы мамандық бойынша жұмыс істеген кезде алатын жалақысының мөшері маңызды. 

Дегенмен, мамандықты өз қызығушылы мен бейімділігі бойынша таңдайтындардың үлесі әлдеқайда жоғары: 

  • 86% – өзінің қызығушылығы мен бейімділігі;
  • 42% – болашақ жалақының жоғарылығы;
  • 15,2% – ата-ананың немесе туысқандарының кеңесі;
  • 9,5% – грант көп болғандықтан. 

Ескерту: Сауалнамада бірнеше жауапты таңдау мүмкіндігі берілген. 

"Түлектердің 86%-дың мамандықты өз қызығушылығы мен бейімділігіне сүйеніп таңдауы – зерттеудің маңызды оң көрсеткіші. Сонымен бірге болашақ жалақыны 42%-дың, ал грант санының көптігін 9,5%-дың атауы экономикалық факторлардың да рөлін көрсетеді", – делінген зерттеу қорытындысында. 

Сауалнамада "Егер сол мамандыққа мемлекеттік грант аз бөлінсе немесе мүлдем берілмесе, сенің таңдауың өзгере ме?" деген сұраққа 32,5% "Иә" деп жауап берген. Демек, әр үшінші оқушыға жуық адам үшін грант саны мамандық таңдау шешіміне ықпал ететін фактор. 

"Бұл жерде "мамандықты өзі таңдадым" деген жауап пен грантқа тәуелділік бір-біріне қайшы емес: оқушы бағытты өзі таңдағанымен, сол таңдауды жүзеге асыру мүмкіндігі қаржылық және гранттық жағдайға байланысты болуы мүмкін", – дейді орталық мамандары. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау