Шакираның 60 мың долларлық көзілдірігі Таразда қалатын болды

Коллаж: Informburo.kz
Коллаж: Informburo.kz
Шакираның көзілдірігіне 30 мың доллар ұсынғандар бар.

Әлемдік жұлдыздың концертте көрерменге лақтырған көзілдірігін алған қазақстандыққа оны сатып алуға ниет білдіргендер 30 мың долларға дейін ұсынған. Алайда тараздық ару бұйымды сатпайтынын айтты, деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.

Көзілдірік мыңдаған көрерменнің арасынан Назифатқа бұйырған

Әлемге танымал әнші Шакираның Бішкекте өткен концертте көрерменге сыйлаған көзілдірігі Тараз қаласының тұрғыны Назифат Әзімованың қолында қалатын болды. Оның айтуынша, үш күн бұрын "Бішкек Аренада" өткен концертте әншінің көзілдірігін мыңдаған адамның арасынан қағып алған.

Назифат бұл бұйымның дәл өзіне бұйыратынын күтпегенін айтады. Тіпті оны арнайы тосып алуға да тырыспаған. Бір қолымен телефон ұстап тұрған кезде көзілдірік екінші қолына түскен.

Концерттен түсірілген видео әлеуметтік желіде тарағаннан кейін, көзілдірікті сату туралы ақпарат та пайда болған. Алайда Назифат мұны жоққа шығарды. Оның сөзінше, әлемдік жұлдыздың жеке затына қызығушылық танытып, сатып алуға ұсыныс жасағандар көп.

"25 мың, 30 мың доллар ұсынғандар болды"

Назифат Әзімованың айтуынша, көзілдірікті сатып алғысы келетіндер оған 25 мың және 30 мың доллар ұсынған. Дегенмен ол бұйымды сатуға ниетті емес.

"Аукцион бойынша жалған ақпарат тарады. 20 мың долларға саудаға шығарғанымды айтады. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Рас, сатып алуға ниет білдірушілер өте көп. Біреу 25 мың, біреу 30 мың доллар санап беруге ұсыныс білдірді. Бірақ әлемдік жұлдыздың бұл бұйымы маған текке бұйырған жоқ. Және жарасады", – деді Назифат Әзімова.

Тараздық ару көзілдірікті өзінде қалдырып, өзі тағып жүретінін айтты.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау