Сертификаттың жарамдылық мерзімінде өзгеріс жоқ.
ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы Қазтест сертификаттары 2023 жылдан бастап электронды форматқа ауыстырылғанын хабарлады.
Сертификат ҰТО сайты арқылы беріледі. Онда тест тапсырушының деректері, жинаған балы, жарамдылық мерзімі және QR-коды көрсетіледі. Сертификатты сканерлеу арқылы құжаттың түпнұсқалығын тексеруге болады.
"Бұған дейін Қазтест жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат қағаз түрінде берілетін. Енді докторантураға түсушілер, "Болашақ" бағдарламасының үміткерлері және басқалары Қазтест сертификаттарын электрондық форматта алатын болады. Алайда, жарамдылық мерзімі өтпеген қағаз нұсқадағы сертификаттардың жарамдылығы сақталады", – деді ҰТО директоры Руслан Емелбаев.
Оқи отырыңыз:
- Қазтест қажет пе? Депутаттар мемқызметшілерге қойылатын талапты қатаңдатуды ұсынды
- "Болашақ" стипендиясына үміткерлер енді қазақ тілінен онлайн тест тапсыра алады
Еске салайық, мәжілістің жетінші шақырылым депутаты Мақпал Тәжмағамбетова мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілінен тест тапсыруына қойылатын талапты қатаңдатуды ұсынған болатын.
"Қазір Мәжілісте "Мемлекеттік қызметшілер туралы" заң жобасы талқыланып жатыр. Қазіргі таңда Қазтестің мәні болмай тұр. Тесттен нөл алса да, қызметке орналаса береді. Қажеттілігі жоқ. Бұл норманы қатаңдатуды бір топ депутаттың атынан ұсындық. Жұмыс топтарында талқыланып жатыр", – деді Мақпал Тәжмағамбетова.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Зейнетақы жинағын пайдалану: 2023 жылы қанша өтінім және қандай мақсатта мақұлданды?
-
347
-
0
-
2
-
-
2Түркия мен Сирияда қаза тапқандар саны 8 мыңға жуықтады
-
362
-
0
-
4
-
-
3Wildberries Алматыда логистика орталығын салуды жоспарлап отыр
-
349
-
0
-
3
-
-
4🇰🇿 Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруына қатысты өзгеріс енгізілді: енді өз елінің паспорты керек
-
350
-
0
-
2
-
-
5📣 20 ақпанда қайтарымсыз мемлекеттік грант алуға өтінім қабылдау басталады
-
362
-
0
-
0
-
-
6⚡️ҰБТ-ға дайындық үшін ата-аналардан 10 млн теңге алған алаяқ мұғалім ұсталды
-
358
-
0
-
0
-
-
7🚗 4 пайыз автонесие: 463 қатысушы төлем шотын алып үлгерді
-
376
-
0
-
0
-
-
8Билеті жоқ балаларды қоғамдық көліктен түсіріп тастауға заңмен тыйым салынбақ
-
342
-
0
-
4
-
-
9Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды
-
332
-
0
-
3
-
-
10Түркия ЖОО-да 8 мыңнан астам Қазақстан студенті оқиды
-
335
-
0
-
0
-