Тікелей эфир

Астана автобустары жазда түнде үш бағытта қатынайды

№201, 202, 203 автобустар сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін жолаушы тасымалдайды.

Жаз мезгіліне байланысты Астана әкімдігі жолаушылардың түнгі уақытта да қатынауына жағдай жасау үшін № 201, 202, 203 бағдарларын іске қосуды жоспарлап отыр. 

"Елорда тұрғындары мен қонақтары енді түнгі уақыттарда, сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін қалада оңай әрі жайлы қозғала алатын болады. Түнгі бағдарлар қаланың негізгі аудандарын қамтып, негізгі көлік хабтарын байланыстырады", – делінген әкімдік баспасөз қызметінің хабарламасында

Еске салайық, Астанада қоғамдық көлікпен жүру құны – 90 теңге. 


Оқи отырыңыз: Астанада енді қоғамдық көлік жолақысын банк картасымен төлеуге болады


Биылғы ақпанда Астана қаласының қоғамдық көлігінде жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесін жаңғырту шеңберінде банктік карта және NFC арқылы жол ақысын төлеудің жаңа функциясы енгізілді.

Жол ақысын төлеудің электрондық жүйесін жаңарту аясында бес ыңғайлы әдіс қолжетімді – Bluetooth, NFC, QR сияқты инновациялық арналар, контактісіз көлік және банк карталары, соның ішінде Apple Pay, Samsung Pay, смарт сағаттармен төлеу.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
7

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары