Тікелей эфир

Астанада енді қоғамдық көлік жолақысын банк картасымен төлеуге болады

Жол ақысын төлеудің электрондық жүйесін жаңарту аясында бес ыңғайлы әдісті қолдануға болады.

Астана қаласының қоғамдық көлігінде жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесін жаңғырту шеңберінде банктік карта және NFC арқылы жол ақысын төлеудің жаңа функциясы енгізілді. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады.

Жол ақысын төлеудің электрондық жүйесін жаңарту аясында бес ыңғайлы әдіс қолжетімді – Bluetooth, NFC, QR сияқты инновациялық арналар, контактісіз көлік және банк карталары, соның ішінде Apple Pay, Samsung Pay, смарт сағаттармен төлеу.

Жаңа опцияларды пайдалану үшін автобус салонындағы планшетке банк картасын немесе NFC құрылғысын тигізіп, төлемнің сәтті өткені туралы белгіні күту қажет.

Avtobys жаңа инновациялық төлем жүйесіне көшу келесі функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:

  • Transcard көлік картасын бірден толтыру және жол ақысын онлайн төлеу;
  • Арнайы кассалар мен RTVM-автоматтарына бармай-ақ Transcard көлік картасын дереу қашықтан толтыру;
  • Төлем тәсілдерін кеңейту: Bluetooth, NFC, QR, көлік және банк карталары, соның ішінде Apple Pay, Samsung Pay, смарт сағаттармен төлеу төлемдерді тез және қауіпсіз жүргізуге мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Астанада жаңа автобус бағыты іске қосылады


Төлемдердің барлық түрлері бойынша жүйенің бар операцияларын онлайн мониторингілеу мүмкіндігі бар. Жаңа жүйеге кезең-кезеңімен көшу төлемдерді тиімді басқаруға және мобильді қосымшада азаматтардың әртүрлі санаттары мен оқу орындарының оқушылары үшін виртуалды карталарды қоса алғанда, жаңа функцияларды енгізуге болады. Бұл функция кейін қосылады. Барлық өзгеріс Астана қаласының қоғамдық көліктерінде жол жүрудің ыңғайлығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

Бүгінгі таңда елорданың автобустарының негізгі бөлігі Avtobys жүйесіне қосылған. Жалпы Астана қаласында 1 396 автобус бар, оның күн сайын 980 бағдарға шығады.

Серіктестер жаңалықтары