Алматыда автобус аялдамада тұрған троллейбусқа соқтығысып, бір жолаушы зардап шекті

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Полиция мән-жайды анықтап жатыр.

Алматыда 65-маршруттағы автобус қаладағы аялдамалардың бірінде тұрған троллейбусқа соғылды. Оқиға орнынан түсірілген фото және видео әлеуметтік желіде жарияланды.

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 11 желтоқсанда сағат 11:50-де Медеу ауданында болған.

"Автобустың жүргізушісі Достық даңғылы бойымен оңтүстік бағытта қозғалып келе жатып, Бөгенбай батыр көшесінен жоғары тұста аялдамада жолаушыларды отырғызып-түсіріп тұрған троллейбусқа соқтығысты. ЖКО салдарынан автобустың жолаушысы – 1966 жылғы туған әйел зардап шекті", – деді ведомствода.

Қазір апаттың нақты себептері мен мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасы анықтап жатыр.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз