Тікелей эфир

Алматы жолдарында жыл басынан бері 180 түрлі ақау анықталды

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының Алматы филиалының инженерлері 600-ден астам мәрте тексеріске шыққан.

2024 жылдың 11 айында Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының Алматы филиалының инженерлері 600-ден астам мәрте тексеріске шығып, 1700-дей сынама алған. Тексерулер нәтижесінде 180 түрлі ақау анықталды, деп хабарлады ұлттық сапа орталығының баспасөз қызметі.

Анықталған ақаулардың басым бөлігі жол жабындарының стандарттарға сай келмеуі, құрылыс және жөндеу барысында технологиялық талаптардың сақталмауы сияқты мәселелерден тұрады. Қала әкімдігі мен мердігер ұйымдар анықталған кемшіліктерді жою бағытында тиісті шаралар қолдануда.

Фото: Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы

"Мұндай тексерулердің басты мақсаты – жол сапасын жақсарту арқылы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қала инфрақұрылымын ұзақ мерзімде тиімді пайдалану. Сонымен қатар, жолдарды жөндеу мен салу кезінде стандарттарды қатаң сақтау жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен азаматтардың өмір сапасын арттыруға ықпал етеді", – делінген орталықтың хабарламасында.

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы Алматы жолдарының сапасын бақылау жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастырады. Алматы әкімдігі мен ұлттық орталық сапалы инфрақұрылымды қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндікті пайдаланады.


Оқи отырыңыз: Алматы метросында жалға алушылар миллиондаған теңгені артық төлеген


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары