Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Әкімдіктің мәліметінше, инженерлік желілерді қайта орналастыру жұмыстарына байланысты жолдың екі учаскесі жабылады.
- 3 қыркүйек сағат 22:00-ден 4 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін Аносов көшесінен Бруно көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы толық жабылады.
- Ал 4 қыркүйек сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Аносов көшесінің Төле би көшесінен Артем көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс тоқтатылады.
Жөндеу жүргізілетін учаскелерде тиісті ескерту белгілері орнатылады. Жүргізушілерден бағыттарын алдын ала жоспарлау сұралды.
Көлік қозғалысына қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс Карты" қосымшаларында жарияланады.