USD: 471.9 / 474.9
  • EUR: 537.5 / 542.5
  • RUB: 5.65 / 5.77
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Қазақстандықтар электр көліктерін сатып алуды жиілетті. Zeekr тек төртінші орында

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Биылғы жарты жылда сатылған электр және гибрид көліктер өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 266% көп.

Қазақстанның Автокөлік одағының мәліметінше, 2026 жылғы қаңтар-маусым аралығында ресми дилерлер New Energy Vehicles сегментіне жататын 3657 жеңіл автокөлік сатқан. Бұл былтырғы сәйкес кезеңнің көрсеткішінен 266 пайызға көп.

Бұл сегменттегі көліктердің негізгі бөлігін гибридтер (2 640) құрағанымен, толығымен электрлі көліктердің (1017) де үлесі артқан. 

Қазақстанның Автокөлік одағы қазақстандықтар бұл сегментте қандай маркалы көліктер жиі таңдалатынын да атады. Егер бұған дейін қазақстандықтар арасында Zeekr электр көліктері танымал болса, қазір ол тек төртінші орында. Ал бірінші орында BYD тұр. Ресми дилерлер жарты жылда 2042 автокөлігін BYD сатқан. Келесі орындардан Geely, Li, Zeekr және ROX көліктерін көруге болады. 

Ал классикалық гибридтер арасында Toyota, Lexus және Porsche үздік шықты. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау