Орал соты "Кублей" зауытының талабын қанағаттандырмады

Серіктестік адвокаты судьяның шешімімен келіспейтінін жеткізді.

Бүгін Орал қаласында бір айға созылған үзілістен кейін "Кублей ісіне" қатысты сот отырысы жалғасын тауып, жарыссөз бөлімінен кейін судья Бақтияр Жорабаев екі жылға созылған сот ісі бойынша өз шешімін шығарды. Ол "Кублей" ЖШС-нің Орал қаласы әкімдігі мен оның басқармаларының үстінен түсірген шағымын толықтай қанағаттандырусыз қалды.

Судья Орал қаласы әкімдігінің Циолковкий көшесіндегі 2,3,4 тұрғын үйлерін салу бойынша Үкімет бекіткен қаланың бас жоспарына өзгеріс енгізіп, 2020 жылдың мамыр айында зауыттың санитарлық қорғау аймағынан көпқабатты тұрғын үй салуға рұқсат беретін қаулыны заңсыз деп танымайтынын айтты. Сондай-ақ, судьяның айтуынша, бұл шешім "Кублей" зауытының жабылуына, сәйкесінше оның қызметкерлерінің жұмыстан қысқаруына әкелмейтінін айтты.

"Кублей" ЖШС мен шаруа қожалықтарына айтарым, зауыт жабылмайды. Бұрын қалай жұмыс істесе, солай жұмысын жалғастырады. Кәсіпорынның 2024 жылы тиісті санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды ала алмай қалуы мүмкін деген ақпарат та болжам болып саналады. Сот болжамдарға сүйеніп шешім шығара алмайды", – деді судья Бақтияр Жорабаев.

Судья негізгі шешімді жариялағаннан кейін "Кублей" ЖШС адвокаты Бақытжан Базарбек шешімнің әділетсіз екенін айтып, бұл шешіммен келіспейтінін және күресті әрі қарай жалғастыратынын хабарлады.


Оқи отырыңыз: Оралда 700 адамға жұмыстан айырылу қаупі төніп тұр


Еске салайық, 23 қарашада Орал қаласының соты өндірістік істі тараптардың ымыраға келуі үшін тоқтатты. Алайда тараптардың өздері ымыраға келу туралы өтініш бермегендіктен, олар соттың шешіміне наразылық білдіріп, "Кублей" ЖШС Орал сотының судьясы Бақтияр Жорабаевтың үстінен шағым түсірді.

Бұл шағым 22 желтоқсан күні апелляциялық сот алқасының отырысында қаралды. Онда судья Айгүл Маштақова судьяның шешімін заңды деп тауып, алайда тараптардың ымыраға келмеуіне байланысты "Кублей ісіне" қатысты сот жалғасатынын хабарлаған болатын.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары