2 жылға созылған шулы сот ісінің келесі отырысы 22 желтоқсанға белгіленген.
Батыс Қазақстан облысындағы "Кублей" консерві зауытының Орал қаласы әкімдігі үстінен түсірген шағымы бойынша келесі кезекті отырысы ертең, 22 желтоқсанда өтеді.
Еске салайық, 23 қарашада Орал қаласы мамандандырылған экономикалық соты тараптардың ымыраға келуі үшін өндірістік істі тоқтатқан болатын. Алайда, бұған зауыт өкілдері наразылық білдіріп, судьяның әрекетіне заңсыз деп баға берді. Осыған орай, шағымданушы тараптың адвокаты Бақытжан Базарбек мән-жайды түсіндіріп, пікір білдірді.
Адвокаттың айтуынша, "Кублей" ЖШС соңғы сот отырысынан кейін Орал қаласы мамандандырылған экономикалық сотының судьясы Бақтияр Жорабаевтың үстінен шағым түсірген. Ол шағымды жоғары тұрған апелляциялық сот алқасы қарайды.
"Бұл шағымды біз судьяның барлық дәлелдемелерге қарамастан, сот шешімін шығарудың орнына тараптарды ымыраға келтіру үшін өндірістік істі тоқтатып тастағаны үшін түсірдік. Бұл – заңсыз. Азаматтық іс жүргізу кодексінде пікірталастан кейін соттың шешім шығару керегі анық жазылған. Алайда, судья мұны есепке алмай, материалдарды Үкіметке қайта жолдап отыр. Мақсат – Үкіметтің ұстанымын білу шығар, бірақ мұндай норма да Азаматтық іс жүргізу кодексінде жоқ", – деп түсіндірді Бақытжан Базарбек.
Оқи отырыңыз: 2 жылға созылған сот: "Кублей" Орал сотының ымыраға келтіру жөніндегі шешіміне наразы
Сондай-ақ, адвокат Үкімет ведомстволары, атап айтқанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті мен Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жоғары соттың кассациялық сот алқасының сұрауы бойынша ақпаратты биыл сәуір айында-ақ жолдағанын айтты.
Бақытжан Базарбек ұсынған бұл құжаттарда Индустрия министрлігінің құзырлы комитеті Орал қаласы сәулет және қала құрылысы бөліміне тексеру жүргізгені және оның барысында "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" ҚР заңының бірқатар талабы бұзылғанын анықтағаны жазылған. Атап айтқанда, Орал қаласында тұрғын үй құрылысы салынған жер учаскесі өндірістік аумаққа жататыны және мұндай өндірістік және санитарлық-қорғау аймақтарында тұрғын үй, қонақ үй, жатақхана, мектепке дейінгі және жалпыға білім беру, емдеу-сауықтыру мен демалыс, сондай-ақ спорт нысандарын салуға тыйым салынатыны баяндалған.
Оқи отырыңыз: Ауыл шаруашылығы министрлігі "Кублей" зауытына қатысты мәлімдеме жасады
"Алайда, Бас жоспардың талаптарын ескерместен, Орал қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 24 қазандағы №2448 қаулысымен "Циолковский көшесіндегі тұрғын үйдің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы" бекітіліп, онда тұрғын үй мен әкімшілік ғимараттар салу жобаланған. Осылайша, бұл – Орал қаласы әкімдігі тарапынан заңсыз егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу арқылы қолдан жасалған жағдай" делінген Индустрия министрлігінің қорытынды хатында.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
12,3 млн қазақстандықтың табысы тамағынан артылмайды 💸
-
386
-
2
-
1
-
-
2🌐 Қазақстан ауылдарына интернет тартуға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ
-
372
-
0
-
2
-
-
3🚫 Фейк: Отбасы банк «мемлекеттен 116 680 теңге берілуі» туралы ақпаратты жоққа шығарды
-
359
-
0
-
2
-
-
4Әскер дәрігерлерінің жалақысы артады
-
352
-
0
-
2
-
-
5✅ Автонесие бағдарламасы 6 ақпанда басталады. Қалай онлайн өтініш беруге болады?
-
334
-
3
-
7
-
-
6Атырау облысында мектеп оқушылары төрт ауысымда оқуға мәжбүр
-
338
-
0
-
3
-
-
7Бұрынғы экология министрі Серікқали Брекешев «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды
-
334
-
2
-
3
-
-
8Солтүстік Қазақстан облысында әкімдік кәсіпкерге жасанды «әкімшілік кедергілер» құрған
-
321
-
0
-
4
-
-
9Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
-
316
-
0
-
3
-
-
10Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
-
288
-
0
-
1
-