USD: 468.3 / 470.9
  • EUR: 540.0 / 545.0
  • RUB: 5.53 / 5.65
Тікелей эфир
Алматы +24C
Все города

Мектеп директоры болуға үміткерлерден тестілеуге өтініш қабылдау басталды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Тестілеудің өзі 24 маусым өтеді.

2026 жылғы 22-23 маусым аралығында app.testcenter.kz сайтында Білім беру ұйымдарының басшыларын лауазымға конкурстық негізде тағайындау үшін тестілеуге өтініштерді қабылдау жүргізіледі, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы

Тестілеу 6 блок бойынша өтеді:

  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі – 10 тапсырма, шекті балл – 5 балл;
  • Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы – 10 тапсырма, шекті балл – 5 балл;
  • Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңы – 10 тапсырма, шекті балл – 5 балл;
  • Қазақстан Республикасының "Педагог мәртебесі туралы" Заңы – 10 тапсырма, шекті балл – 5 балл;
  • Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы – 4 тапсырма, шекті балл – 2 балл;
  • Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы – 4 тапсырма, шекті балл – 2 балл.

Ең жоғары балл – 48 балл, шекті балл – 24 балл.

Тестілеудің өзі 24 маусым өтеді. Тестілеуге қатысу құны – 9 403 теңге. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау