Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкер міндетін уақытша Әли Әлиев атқарады

Әли Әлиев. Фото: kff.kz
Әли Әлиев. Фото: kff.kz
2022 жылы "Жеңіс" командасын жаттықтырып, содан кейін қайтадан "Қызылжарға" оралды.

Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы болып отандық маман Әли Әлиев тағайындалды, деп хабарлайды ұлттық құраманың баспасөз қызметі.

Әли Ханалиұлы 1980 жылғы 27 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Футболшы мансабында "ЦСКА-Қайрат", "Қайрат", "Ертіс", "Тобыл", "Шығыс", "Ордабасы" және "Қызылжар" клубтарында ойнады. Сонымен қатар Түркияның "Акчаабат Себатспор", "Кайсери Эрджиеспор", "Карталспор" және "Диарбакырспор" командаларында өнер көрсеткен.

1999 жылы Қазақстан жастар құрамасы сапында Нигерияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысты. Ұлттық құрама сапында алғашқы матчын 2002 жылы Эстонияға қарсы өткізді.

Бапкерлік мансабын 2014 жылы "Ордабасы" сапында ойыншы әрі бапкер ретінде бастады. 2018 жылы футболшы мансабын аяқтаған соң Петропавлдың "Қызылжар" клубының тізгінін ұстап, премьер-лигаға шығарды.

2021 жылы Әли Әлиев Қарағандының "Шахтер" клубында бас бапкер болып жұмыс істеп, кейін "Астана" ФК жастар командасын басқарды.

2022 жылы "Жеңіс" командасын жаттықтырып, содан кейін қайтадан "Қызылжарға" оралды.

Әли Әлиевтің жетекшілігімен петропавлдық клуб УЕФА конференция лигасы іріктеу кезеңінің үшінші айналымына дейін жетті.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары