Ауыл шаруашылығы министрлігі "Кублей" зауытына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады "Егемен Қазақстан" басылымының сайты.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербайдың айтуынша, "Кублей" ЖШС зауыты жабылатын болса, бұл Батыс Қазақстан облысындағы шамамен 3 500 шаруа қожалығына кері әсерін тигізеді.
"Кублей" ЖШС зауыты жабылуы ол шикізаттың жеткіліксіздігімен, ішкі нарықты ет өнімдерімен қамтамасыз етуі төмендеуімен елдегі ауыл шаруашылығының жұмысына кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар экспортқа шығарылатын тауарлар төмендеп, импорттық тауардың ішкі нарықта көбеюіне әкеліп соғады. Зауыттың жабылуының нәтижесінде 700 адам жұмыссыз қалады. "Кублей" ЖШС консервілеу өнімдерін шығаратын зауыттың өкілдері екі жыл бойы Орал әкімдігімен сот ісін жүргізуде. Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, әкімдік зауыт орналасқан өнеркәсіптік аймақтың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын заңсыз бекіткен. Нәтижесінде осы аймақта көппәтерлі тұрғын үйлер салына бастады. Санитарлық-қорғау аймағы тұрғын алабынан кемінде 100 метр болуы тиіс", – дейді Жеңіс Өсербай.
Еске салайық, "Кублей" ЖШС мен Орал қаласы әкімдігінің арасындағы азаматтық істерге 2 жылдан бері нүкте қойылмай келеді. Биыл 23 қарашада Орал қаласының соты өндірістік істі тараптардың ымыраға келуі үшін тоқтатты. Алайда тараптардың өздері ымыраға келу туралы өтініш бермегендіктен, олар соттың шешіміне наразылық білдірді. Бұл туралы келесі сілтемелер арқылы өтіп оқуға болады:
- 2 жылға созылған сот: "Кублей" Орал сотының ымыраға келтіру жөніндегі шешіміне наразы
- 2 жылға созылған сот аяқталуға жақын: тараптардың жарыссөзі басталды
- 600 адам жұмыссыз, 2500 шаруа қожалығы табыссыз қалуы мүмкін
АШМ мәлімдемесінде "Кублей" зауытының жабылуы елдің ауыл шаруашылығы саласына қандай зиян тигізетіні туралы айтылған. Компания соңғы үш жылда мемлекеттік бюджетке 5 миллиард 652 миллион теңге салық төлеген.
"Кәсіпорынның ет және ет-өсімдік консервілерін өндірудегі үлесі 65% құрайды. Осылайша, бұл кәсіпорын ішкі нарықты ет өнімдерімен қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сонымен қатар тек Қазақстанды ғана емес, оны Өзбекстанға, Қырғызстанға, Тәжікстанға және тағы басқа экспорттайды. Бүгінгі таңда консервілеу зауыты 100-ден астам консервілеу өнімдерін шығарады: ет, ет және көкөніс, балық, деликатес, жеміс-көкөніс консервілері, тауық консервілері, дайын түскі ас және сүт консервілері. Оның қуаты бір ауысымда 200 мың банка консервілер. Батыс Қазақстан облысының 3 мыңға жуық шаруа қожалығы кәсіпорынға ет жеткізеді", – деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай.
Министрліктің мәліметінше "Кублей" зауыты заманауи аппараттармен толықтай жабдықталған, тәулігіне 70 тоннаға дейін консерві өнімдерін шығаратын жетекші өндіріс орны. Вице-министрдің жауабында, зауыт ет өнімдері 405 тоннаға дейін арттырғаны жазылған.
"Консервілеу зауытына деликатес консервілерін өндіру цехы, көкөніс консервілерін өндіру цехы, көкөніс қоймасы, ет консервілерін өндіру цехы, балық консервілерін өндіру цехы, сүт консервілерін өндіру цехы, тоңазытқыш камералары, шикізатты сақтау қоймалары, теміржол кірме жолдары бар дайын өнімді сақтау қоймалары кіреді. Зауыттың жабдықталуы мен инфрақұрылымы тәулігіне 70 тоннаға дейін консерві өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді. Батыс Қазақстан облысында 2021 жылғы қаңтар-қазан кезеңінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет консервілерінің өндірісі 26,1%-ға (3 418 тоннадан 4 311 тоннаға дейін), ет және өсімдік консервілерінің өндірісі 46,8%-ға (405 тоннадан 595 тоннаға дейін) ұлғайды", – деді АШМ вице-министрі.