Тікелей эфир

2 жылға созылған сот: "Кублей" Орал сотының ымыраға келтіру жөніндегі шешіміне наразы

"Бұл – сот тарапынан жасалған алғашқы заң бұзушылық емес", деді зауыт адвокаты.

"Кублей" ЖШС мен Орал қаласы әкімдігінің арасындағы азаматтық істердің басталғанына 2 жылдан астам уақыт өтті. Биыл 23 қарашада Орал қаласының соты өндірістік істі тараптардың ымыраға келуі үшін тоқтатқан болатын.

Алайда бұл шешімге зауыт тарапы қарсылық танытты. "Кублей" ЖШС адвокаты Бақытжан Базарбек зауыт тарапынан ымыраға келі туралы ешқандай арыз болмағанын алға тартып, мұндай жағдайда соттың ымыраға келтіру туралы шешімі заңсыз екенін айтты.

"Екі тарап ымыраға келуі үшін әкімдіктің және "Кублейдің" тарапынан арыз түсуі тиіс еді. Ол болмаған жағдайда ымыраға келу мүмкін емес. Судья тараптарды ымыраға келтіру туралы арызды пікірталасқа дейін қарады. Ол арызды қанағаттандырусыз қалдырды. Пікірталас өткеннен кейін сот шешімін шығарудың орнына тараптар ымыраға келсін деп өзінің бір күн бұрын шығарған шешіміне қарама-қайшы келіп отыр", – деді Бақытжан Базарбек.

"Кублей" зауытының санитарлық аймағындағы тұрғын үй құрылысы. Фото: Бақытжан Базарбек

Адвокаттың айтуынша, бұл сот тарапынан жасалған алғашқы заң бұзушылық емес.

"Тараптардың арызынсыз оларды ымыраға шақыру және істі тоқтата тұру, материалдарды Үкіметке жіберіп, оның позициясын тыңдау, Бас прокуратурадан жауап алуды біз бірінші рет көріп отырмыз. Бұл заңда көрсетілмеген дүние", – деді адвокат.

Осыған орай Информбюро порталының Жоғарғы сотқа жолдаған ресми сауалына берген жауабында ведомство "Кублей" мен Орал қаласы әкімдігінің арасындағы азаматтық іс қазіргі таңда бірінші соттың қарауында екенін хабарлады.

"Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 7 шілдедегі қаулысымен азаматтық іс бойынша қабылданған сот актілерінің күші жойылып, азаматтық іс Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жаңадан қарауға жіберілген", – делінген Жоғарғы сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Елдос Жұмақсановтың жауабында.

"Кублейге" қатысты азаматтық іс туралы өзге материалдарды төмендегі сілтемелерден оқуға болады:


Оқи отырыңыз: 


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары