USD: 469.5 / 472.9
  • EUR: 541.0 / 546.0
  • RUB: 5.71 / 5.83
Тікелей эфир
Алматы +35C
Все города

Астанада тандырханада жарылыс болды: үш адам зардап шекті

Фото: Telegram-канал Astanovka98
Фото: Telegram-канал Astanovka98
Астанада дәмханадағы жарылыстан кейін құтқарушылар жұмылдырылды.

Астанадағы Байқоңыр ауданында самса пісіретін дәмханада баллон жарылып, үш адам жараланды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, Жиенқұлов көшесіндегі шағын базарлардың арасындағы кішігірім дәмханада 50 литрлік баллон жарылған.  Жарылыс салдарынан үш адам түрлі жарақат алған. Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр. Құтқару қызметтері қажетті жұмыстарды жүргізуде.

Екі қабатты ғимараттың біраз бөлігі бүлінген. Желіде таралған видеоға қарасақ, қазір оқиға орнында адам көп және құтқару қызметі де көп.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін де Астанада шағын дәмханада жарылыс болған еді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау