Щучинскідегі дәмхана жарылысы: газ жеткізуші мен станция директоры ұсталды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Күдіктілерге 8 жылға дейін жаза қаупі бар.

Ақмола облысы прокуратурасы Щучинск қаласындағы "Центр плова Loft" кафесінде болған қайғылы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр.

Қадағалаушы органның мәліметінше, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкелген факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде арнайы прокурорлар автомобиль газ құю станциясының директорын және газ баллондарын жеткізушіні ұстады. Тергеу нұсқасына сәйкес, олар баллондарды толтыру және жеткізу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамаған. Күдіктілердің әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабы 3-бөлігі бойынша сараланған. Бұл бап тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігіне сай келмейтін қызмет көрсетіп, ауыр зардаптарға және адам өліміне әкеп соққан жағдайларды қамтиды. Санкциясы сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді", – делінген хабарламада.

Сот шешімімен күдіктілердің біріне қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылса, екіншісі үй қамағына алынған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Іс бойынша түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге де мән-жайлар жария етуге жатпайды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз