Алматыдағы Онкология институты 9 желтоқсанда тегін профтексеру жүргізеді

Институт дәрігерлері алматылықтарды 09:00 мен 13:00 аралығында қабылдайды.

9 желтоқсан, сенбі күні сағат 09:00-ден бастап 13:00-ге дейін Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты асқазан, ұйқы безі мен бауыр обырын ерте бастан асқындырмай анықтау мақсатында тегін профилактикалық тексерулер жүргізеді, деп хабарлады институттың баспасөз қызметі

Тексеруден өтуге ниетті адамдар өзімен бірге жеке куәлігін ала баруы керек. 

"Жақындарыңызды денсаулығы мазалап жүрсе, қаратып алуға болады. Тексерілу қажет деп тапсаңыз, институттың абдоминальды онколог дәрігерлері сізді тегін қабылдайды. Өзіңізбен бірге жеке куәлік болуы керек", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Әйелдердегі онкологиялық аурулардан сүт безі қатерлі ісігі, мойын және жатыр обыры көш бастап тұр


Мекенжайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 91 (Орталық стадионға қарама-қарсы). 

Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: +7 727 349 6116.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз