Тікелей эфир

Әйелдердегі онкологиялық аурулардан сүт безі қатерлі ісігі, мойын және жатыр обыры көш бастап тұр

Қатерлі ісіктің асқынуына скринингтің төмен деңгейі және материалды жинау кезіндегі қателер, емдеудің жеткіліксіз тактикасы себеп.

ҚР Ана мен бала денсаулығын сақтау жөніндегі 2023-2030 жылдарға арналған тұжырымдама жобасы әзірленді. НҚА порталында жарияланған құжатқа сәйкес, әйелдер арасындағы онкологиялық аурулар ішінде онкопатологиядан өлім көрсеткіші өскен.

Қазіргі жағдайда жүкті әйелдердің шамамен жартысында әртүрлі патологиялық аурулар бар, олар көп жағдайда тек жүктілік кезінде анықталады.

"Әйелдер арасындағы онкологиялық аурулар ішінде онкопатологиядан өлім көрсеткіші өскен. Бірінші орында сүт безі қатерлі ісігі, одан кейін жатыр мойны обыры, аналық без обыры және жатыр обыры тұр. Әйелдерде онкопатология кеш анықталады. Қатерлі ісіктің асқынуына скринингтің төмен деңгейі және материалды жинау кезіндегі қателер, емдеудің жеткіліксіз тактикасы себеп", – деп жазылған құжатта.


Оқи отырыңыз: Қатерлі ісікті психологиялық жолмен емдеуге бола ма? Дәрігер кеңесі


Қазақстанда "Жатыр мойны патологиясының" небәрі 291 кабинеті ұйымдастырылған. Көптеген аудандық ауруханада жоғарыда аталған кабинеттер жоқ.

Сонымен бірге обырдың алдын алуға жеткілікті көңіл бөлінбейді. Жатыр мойны обыры профилкатикасы әдістерінің бірі – папиллома вирусына (HPV) қарсы вакцинация. Алайда бұл әдіс Қазақстанда кеңінен қолданылмайды. 

Серіктестер жаңалықтары