Тікелей эфир

Алматыда әлеуметтік көмекке келесі жылы 4 млрд теңге бөлінеді

2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін өтініш білдіргендерге қайта өтініш берудің қажеті жоқ. 

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов Алматыдағы әлеуметтік осал топқа жататын азаматтарға қандай көмек көрсетілетінін айтты. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта аз қамтылған халық үшін әлеуметтік көмек мөлшері 0,6 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Атап айтқанда, әлеуметтік осал топқа жататын азаматтардың жекелеген сегіз санаты бойынша көмек көрсетілетін болады.

"Бұл шешім қалалық мәслихат депутаттарының сессиясында 2023 жылдың 1 қарашасынан бастап "Инвестиция орнына тариф" бағдарламасы аясында электр энергиясына тарифтердің көтерілуіне байланысты қабылданды. Жеке тұлғалар орташа есеппен сағатына 209 кВт электр энергиясын тұтынады. Яғни бағасы 315,59 теңгеге өседі", – деп түсіндірді Жаубасов.

Сол себепті халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың қосымша шараларын көрсету және қаржылық жүктемені азайту үшін қолданыстағы әлеуметтік көмектің мөлшері 0,6 АЕК-ке, 2070 теңгеге дейін ұлғайтылған. Яғни әлеуметтік көмек көлемі 345 теңгеге өсті. 


Оқи отырыңыз: "Үй түгілі қазаншұңқыр да жоқ". Алматыда үлескерлер құрылыс компаниясының үстінен шағымданды


Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысты ескермейтіндіктен, құжатты учаскелік комиссияға жолдаудың қажеті жоқ. Төлемдер 2024 жылдың 30 маусымына дейін ұзартылады. Сондай-ақ 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін өтініш білдіргендерге қайта өтініш берудің қажеті жоқ. 

"Осы мақсатта 2024 жылға қаржыландыру 4 млрд теңгеден асады және қаражат Алматы бюджетінен бөлінеді", – деді Жаубасов.

Орталық өкілінің мәліметінше, Алматыда 315 мыңнан астам адам әлеуметтік көмекке зәру, оның ішінде 100 мыңнан астам адамға 559 млн теңгеге көмек көрсетілген. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары