USD: 473.1 / 477.1
  • EUR: 538.5 / 543.5
  • RUB: 5.65 / 5.77
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

Түркістан облысында толассыз жаңбыр жауып, төрт бірдей ауыл су астында қалды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Тұрғындар өтемақы талап етіп отыр.

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында жауған нөсер жаңбыр салдарынан төрт елді мекенді су басты. Тасқын кезінде тұрғындар үйлерін тастап шығуға мәжбүр болған. Адам шығыны тіркелмегенімен, тұрғындар үйлері мен аулаларына келген шығынды өтеуді талап етіп отыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұршақ аралас жауған жаңбыр шамамен бір жарым сағатқа созылған. Осы уақыт ішінде төбе жақтан аққан су елді мекендерді басып қалған. Дарбаза ауылының тұрғындары мәселенің басты себебі су ағатын арықтар мен құбырлардың талапқа сай салынбауында деп есептейді.

Олардың сөзінше, бұл мәселе бұған дейін де бірнеше рет көтерілген. Алайда алдын алу жұмыстары жүргізілмегендіктен, жауын суы аулаларға кіріп, септиктерден аққан лас сумен араласқан. Тұрғындар мұндай күшті жаңбырды бұрын-соңды көрмегендерін айтып, жергілікті биліктен келген шығынды өтеуді талап етіп отыр.

Дарбаза ауылдық округінің әкімі Мұхит Досболовтың айтуынша, қатты жауыннан кейін төбе жақтағы су түгелдей елді мекенге қарай аққан. Сонымен қатар тоғаннан жиналған су бірнеше үйдің ауласына кіріп, бір үйдің жертөлесін су басқан. Оның сөзінше, оқиға бойынша тиісті жұмыстар жүргізілген.

Әкімдік өкілдері зардап шеккен отбасылардың нақты санын анықтап жатқанын хабарлады. Сондай-ақ теміржол бойында орналасқан, су басқан үйлердің бір бөлігін алдағы уақытта сүріп тастау жоспарланғанын мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау