USD: 474.9 / 477.5
  • EUR: 538.5 / 543.5
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Шымкентте туризм мен креативті индустрия қалай дамып жатыр

Фото ЖИ көмегімен жасалды
Фото ЖИ көмегімен жасалды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сала өкілдерін қолдау мақсатында "Креативті индустрияларды дамыту" корпоративтік қоры құрылды.

Шымкент қаласында дәл қазір 172 қонақтарды орналастыру орны жұмыс  істеп тұр. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 15,4% артқан, ал былтыр 149 қонақүй ғана жұмыс істеп тұрған еді, деп мәлімдеді креативті индустрия және маркетинг бөлімінің басшысы Еркін Тазабек.

Бөлім басшысы Еркін Тазабек шаһарда бой көтеретін қонақүйлер кешені мен алдағы уақытта меймандар мен демалушылардың игілігіне берілетін ауқымды туристік жобалардың жоспарын бөлісті.

"2025-2026 жылдар аралығында қалада 15 қонақ үйдің ашылуы жоспарланған. 2025 жылы 2 қонақ үй ашылды. 2026 жылы 4 қонақ үй іске қосылып, 9 қонақ үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұдан бөлек, Бадам су қоймасы аумағында глэмпинг жобасы іске асырылуда. Жоба аясында 38 глэмпинг және 18 капсула үй, мейрамхана, SPA-бассейн, спорттық алаң, амфитеатр, жылқы ұстау және шарап дайындау аумағы іске қосылады", – деді Еркін Тазабек.

Сондай-ақ, ол 2026 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп Сайрам алабында орналасқан Қожа Салық және Мірәлі баба сакралды нысандарын реконструкциялау жұмыстарын жүргізу келісілгенін хабарлады. Демеушілер есебінен Мірәлі баба, Әбділ Әзіз баба және Қожа Салық сияқты үш нысанның аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілмек.

"Ибрагим ата, Қарашаш ана және Әбділ Әзіз баба нысандарына турникеттер орнатылып, Ибрагим ата, Қарашаш ана, Мірәлі баба, Әбділ Әзіз баба, Хызыр мұнарасы, Дендросаябақ және Цитадель сияқты жеті туристік нысанға төлқұжаттар қойылды. Қызмет көрсетуді жетілдіру мақсатында жаңа үлгідегі сегіз санитариялық-гигиеналық торап іске қосылып, сонымен бірге қосымша төрт санитариялық-гигиеналық тораптың құрылысы жоспарланып отыр", – деді Еркін Тазабек.


Оқи отырыңыз: Шымкентте тағы 3 фармацевтикалық зауытпен келіссөз жүргізіліп жатыр


Басқарма басшысының орынбасары Сұлтан Ысқақов өз кезегінде инвесторлар тарапынан Shymqala тарихи-мәдени кешені аумағында жалпы аумағы 3,8 гектарды құрайтын "Этноауыл" жобасын реконструкциялау жұмыстары жүргізілгенін айтты. Бұл кешенде ұлттық қолөнер шеберханалары, этноаспаздық аймақтар, сондай-ақ ұлттық ойындар мен дәстүрлі мерекелер ұйымдастырылатын алаңдар орналастырылды. Сонымен қатар, Арбат жаяу жүргіншілер алаңында гастрономиялық аллея жобасы іске қосылды. Бұл алаң Шымкент қаласының дәстүрлі тағамдары, көше тағамдары және заманауи гастрономиялық трендтерді біріктіретін ерекше кеңістікке айналуда. 

"Туризмнің жаңа бағыттарын дамыту мақсатында "Мототрек" жобасы іске асырылады. Бұл жоба қалада спорттық және оқиғалық туризмді дамытуға, халықаралық жарыстар өткізуге және экстремалды спорт түрлерін насихаттауға мүмкіндік береді. Бұған қоса, Шымкент қаласында туризм мен спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында "Падл және гастро" орталығы ашылады. Орталық спортпен айналысуға, турнирлер өткізуге және демалысты тиімді ұйымдастыруға, гастрономиялық әлеуетті одан ары көтеруге арналған заманауи кешен. Сондай-ақ, жалпы аумағы 62 сотықты құрайтын BAITUN гастрономиялық жобасы іске асады. Жоба аясында ұлттық және әлемдік ас мәзірін ұсынатын гастрономиялық кеңістіктер, street food аймақтары мен демалыс орындары ашылады", – деп қосты Сұлтан Ысқақов.

Сондай-ақ, бөлім басшысы Еркін Тазабек қала тұрғындары кәсібіне қолдау көрсететін Shymkent Creative Hub кешенінің жұмысымен таныстырды. Заңмен бекітілген 43 экономикалық қызмет түрінің тізбесіне сәйкес, 2026 жылы Шымкент қаласында ресми 2370 креативті индустрия кәсіпкері тіркелген. 

"Шымкент қаласының креативті индустрия кәсіпкерлеріне қолдау көрсету мақсатында 2025 жылғы 17 мамырда Shymkent Creative Hub ашылды. Креативті хабтың мақсаты – креативті индустрия өкілдерін бір орында біріктіретін кеңістік құру, креаторлардың өз өнімдерін монетизациялауына қолдау көрсету, шығармашыл жастарға тәжірибелік шеберлік сағаттар өткізу және т.б. Қазіргі таңда, креативті хабта қолөнершілер, дизайнерлер, зергерлер, суретшілер және "Сақ" киностудиясы жұмыс жасауда", – деп түсіндірді Еркін Тазабек. 

Креативті орталықта апта сайын кемінде 3 әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізілуде (шеберлік сағаттар, семинарлар, сән қойылымдары және т.б.). 2026 жылдың басынан бастап бүгінгі күнге дейін креативті хабта 118-ден аса іс-шара ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 2026 жылдың басынан бастап креативті өнімдерді монетизациялауға қолдау көрсету мақсатында 44 рет креативті индустрия кәсіпкерлері өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді. Аталған жәрмеңкелер қысқы мезгілде қаладағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде, ал жазғы мезгілде "Арбат" жаяу жүргіншілер алаңында және қалалық деңгейдегі іс-шара аясында өтті.

Ары қарай басқарма өкілі жыл басынан бері өткен шаралар бойынша есеп берді. Ақпан айында креативті орталықта "Сақ" киностудиясының "Алан туралы аңыз" атты толықметражды анимациялық фильмінің презентациясы өтті. Фильм заманауи, динамикалық стильде, халықаралық аудиторияға бейімделіп түсірілген. Наурыз айында "ДәмДәсTour" халықаралық гастрономиялық фестивалі аясында Арбат жаяу жүргіншілер алаңында Шымкент қаласының креативті индустрия өкілдері өнімдерінің көрмесі өтті. Көрмеге 30-дан аса кәсіпкер қатысып, өз өнімдерін көпшілікке ұсынды. Сонымен қатар, аталған фестиваль аясында Nauryz Fashion Days сән қойылымы өтіп, дизайнерлер Наурызға арналған ұлттық киімдер топтамасын көрсетті.


Оқи отырыңыз: Шымкентте алғаш рет ең тәтті Balmuzdaq Fest фестивалі өтіп жатыр


Сәуір айында креативті орталықта инклюзивті топтардың шығармашылықпен айналысуына қолдау көрсету мақсатында "Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернатымен" ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Аталған бастама балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өнерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

"Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен алғаш рет Шымкентте Qyzgaldaq saraiy концерт залында 20 елден келген 46 дизайнерді біріктіретін World Designers Fashion Week іс-шарасы өтті. Іс-шараға Еуропа, Азия және ТМД елдерінің үздік дизайнерлері қатысып, кәсіби топтамалар мен сән үлгілерін көрсетті. Аталған іс-шараға Шымкент қаласының дизайнерлері де қатысып, этникалық нақышта жасалған сән топтамаларын көпшілікке ұсынды", – деді Еркін Тазабек.

Бұдан өзге, мамыр айында Shymkent Creative Hub орталығында белгілі қазақстандық суретші, арт-терапевт және ЮНЕСКО халықаралық стандарттары бойынша ғылым және өнер докторы Бақтыбек Талқамбаевтың "12 сиқырлы шаршы" атты авторлық көрмесі өтті. Көрмеге келушілер суретшінің философиялық және терапевтік мәнге ие туындыларымен танысты. Маусым айында қала күні аясында Этно ауылда "Этно Шымкент" фестивалі ұйымдастырылды. Іс-шара аясында Этно ауылдың ашылу салтанаты, қолөнер бұйымдарының көрмесі, 100 құрақ көрпе көрмесі, концерттік бағдарлама, от, лазер және барабан шоу мен ұлттық ойындар бойынша сайыстар өтті.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, креативті индустрия өкілдерін қолдау мақсатында "Креативті индустрияларды дамыту" корпоративтік қоры құрылды. Қор таланттарды анықтау, жобаларды дамыту, инфрақұрылымды дамыту, экспортқа қолдау көрсету секілді 4 негізгі бағыт бойынша жұмыс жасайды.


Оқи отырыңыз: Ақпарат министрі: Шымкент ел медиасының дамуында ерекше рөл атқарады


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау