
Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді.
Министр алдымен жергілікті Ontustik телеарнасының жұмысымен танысып, қаладағы БАҚ өкілдерімен кездесті. Кездесуді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан ашып, жүргізді.
"Бүгінде министрлік бұқаралық ақпарат құралдары туралы жаңа заңның жобасын әзірлеп жатыр. Онда журналистердің статусын айқындайтын, олардың құқықтарының қорғалуы мен әлеуметтік тұрғыда қолдау көрсетілуін қамтамасыз ететін және кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған нормалар болады. Сондай-ақ, БАҚ-тарды субсидиялау туралы да ұсыныстар айтылып жатыр. Әрине, мұның бәрі әзірге жоба ғана. Жұмыс тобы нақтылау жұмысын жүргізіп жатыр. Содан кейін заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынылады", – деді министр.
Осы орайда, Дархан Қыдырәлі Шымкент қаласының еліміздегі масс-медианың дамуында ерекше рөл атқаратынын, сондықтан жергілікті журналистердің заң жобасына қатысты пікірі мен ұсыныстары маңызды екенін атап өтті.
Кездесу барысында Үкімет мүшесі журналистердің сауалдарына жауап беріп, саладағы өзекті проблемаларды шешу жөніндегі ойларын ортаға салды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚫🏠 "Бес баламен сабылып жүрміз". Атырау облысында көпбалалы аналарға тиісті пәтерлер екі жылдан бері берілмеген
-
352
-
0
-
0
-
-
2🛫 Демалыс күндері ұшақ билеті неге қымбат болады? Азаматтық авиация комитетінің жауабы
-
308
-
0
-
1
-
-
3🚴♂️ Астана мен Алматыда қанша шақырым велосипед жолы бар?
-
297
-
0
-
0
-
-
4💰"Бір тиын да алмадым". Қаржы министрі зейнетақы жинағын ерте шешіп алмауға кеңес берді
-
297
-
1
-
1
-
-
5👪 1 маусымда Астанада балаларға арналған қандай мерекелік шаралар болады?
-
311
-
0
-
3
-
-
6🌎 Қазақстанда жеті мыңнан астам 5G станциясы орнатылады
-
315
-
0
-
2
-
-
7📝 ҰБТ-2023: Аппеляцияға өтініш беру тәртібі қандай?
-
334
-
1
-
1
-
-
8🏠 "Баратын жеріміз жоқ". Павлодарда апатты үй тұрғындары үйінді астында қалудан қорқып отыр
-
326
-
0
-
0
-
-
9🚗 Автокөлікке VIP нөмірді eGov.kz порталы мен eGov Mobile арқылы сатып алуға болады
-
309
-
0
-
0
-
-
10🪖 Тоқаев: Тоталитаризмнің қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді
-
291
-
0
-
0
-