Тікелей эфир

Қытайлық қандастар енді құжаттарын елге келмес бұрын апостильдеуі қажет

Бұл Қытайдың Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабын жоятын конвенцияға қосылуымен байланысты.

Аталған конвенция биылғы қарашадан бастап күшіне енді. Сәйкесінше, енді Қытайдың Қазақстанда пайдалану үшін беретін ресми құжаттары бұдан былай консулдық заңдастыру рәсімінен өтпейді, оның орнына Қытайда қосымша сертификаттар (апостиль) беріледі. Бұл туралы "Отандастар" қоры хабарлады. 

"Сертификат елтаңбалы күміс түсті мөр бекітілген жапсырма түрінде ресімделеді. Қытайда сертификаттар (апостиль) беру бойынша уәкілетті орган – Сыртқы істер министрлігі. Сондай ақ, сыртқы істер кеңселері өздерінің әкімшілік аудандарында берілген ресми құжаттарға сертификат береді. Ендігі кезекте, Қытай Халық Республикасы азаматтарының Қазақстанға келмес бұрын, құжаттарын алдын ала апостильдеуі қажет", – делінген "Отандастар" қорының хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда қандастардың балаларын бейімдеу орталықтары ашылады


Толығырақ білу үшін келесі арналар арқылы Қандастарды ақпараттық қолдау орталығына хабарласуға болады: 

  • 1404 барлық қазақстандық мобилді операторлар үшін тегін;
  • 8 701 000 1404 Telegram, WhatsApp мессенджерлері арқылы онлайн;
  • +7 (7172) 98 1404 Халықаралық қоңыраулар үшін шетелдік операторлар белгіленген ақылы тарифпен.
Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары