Сауд Арабиясы Корольдігі Қазақстанға 2027 жылғы қажылық маусымына 4300 орын бөлді. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
2027 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыру жөніндегі келісімге ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және умра министрі Тауфиқ бин Фаузан әр-Рабиға қол қойды.
Тараптардың кездесуінде, сондай-ақ, қажыларды орналастыру, тасымалдау және қажылық қызметтерін ұйымдастыру бойынша тараптардың міндеттері айқындалды.
Еске салайық, 2027 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыру жұмыстарына лайықты деп қазақстандық 4 туроператор ғана танылды. Олар: "Атлас Туризм" ЖШС, "Нұрхан Тревел" ЖШС, "Тауаф Тревел" ЖШС, "Хикмет Тревел" ЖШС.
2027 жылы қазақстандықтарды қажылыққа апаруға 4 туроператор ғана рұқсат алды
"Қажылыққа апарамыз". Instagram арқылы 37 адамды алдағандар 4 жылға сотталды