24 ақпанда Лондон биржасында Brent мұнайының бағасы барреліне 100 долларға жетті.
Өсім 3,2%. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 9.50-де баға 99,6-99,7 доллар шамасында болды. WTI маркалы мұнай баррелі 3,8%-ға қымбаттап, барреліне баға 95,43 долларға жетті.
Мұнай бағасы Ресей-Украина шиеленісіне байланысты өсіп жатыр. Бүгін Ресей президенті Владимир Путин ел халқына үндеу жасап, Донбасста арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қыблдағанын жария етті.
Оқи отырыңыз: Путин Донбасста арнайы әскери операция жүргізу туралы хабарлады
USD:
491.9 / 494.7
EUR:
568.5 / 573.5
RUB:
6.17 / 6.29
Пікірлер
Әзірге пікірлер жоқ…