USD: 468.7 / 472.7
  • EUR: 535.0 / 540.0
  • RUB: 5.75 / 5.87
Тікелей эфир
Алматы +33C
Все города

Астанада жертөледе заңсыз концерт ұйымдастырған 65 адам полицияға жеткізілді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Жертөледегі концертте 28 кәмелетке толмаған жасөспірім болған.

Астанада көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесінде заңсыз ұйымдастырылған концерт анықталды. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері іс-шараға шамамен 65 адамның жиналғанын, олардың 28-і кәмелетке толмағанын мәлімдеді.

Астана қаласы Полиция департаментінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары тұрғындардың қоғамдық тыныштықтың бұзылғаны туралы шағымынан кейін көрсетілген мекенжайға барған. Тұрғындардың айтуынша, аулада бір топ жас қатты шулаған.

Тексеру барысында тұрғын үйдің жертөлесінде "жерлеу концерті" деп аталған іс-шара өтіп жатқаны анықталған. Полицияның мәліметінше, концерт жергілікті атқарушы органдармен алдын ала келісілмей ұйымдастырылған.

Ведомствоның хабарлауынша, тар жертөле ішінде шамамен 65 адам болған. Концерт барысында қатысушылар мошпит ұйымдастырып, кейбірі киімдерін шешіп, бір-бірін итеріп, өздерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген. Сондай-ақ мекемеде алкоголь өнімдері сатылғаны анықталған.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мақсатында концертке қатысушылардың барлығы полиция бөліміне жеткізілді.

Полицияның мәліметінше, заң бұзушылыққа жол берген ұйымдастырушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал кәмелетке толмағандармен және олардың заңды өкілдерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау