Қорғаныс министрлігінің есебінше, ел университеттері бұл мақсатқа жылына шамамен 3 мың грант бөледі.
Қорғаныс министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің өзара келісімі бойынша, 2023 жылдан бастап әскери борышын өтеген ел азаматтарына жоғары оқу орындарына Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесін есепке алмай-ақ түсуге мүмкіндік жасалады. Олар ақылы түрде және әскери борышын өтеу кезіндегі тәртібі мен жетістіктеріне қарай тегін оқи алады.
Бұл орайда Қорғаныс министрлігінің есебінше, университеттер жылына шамамен 3000 грант бөлуі тиіс. Бұл әскерге шақырылған әрбір оныншы сарбаз оқуға тегін түсуге мүмкіндік береді.
Қазірге дейін қазақстандық қырыққа жуық жоғары оқу орны министрліктердің ортақ бастамасын қолдайтынын білдірген.
Тегін оқуға Қарулы Күштердің құрамалары мен бөлімдерінің сарбаздарынан бөлек, Шекара қызметі, Ұлттық ұлан сынды басқа әскери құрылымдарда қызмет еткен жауынгерлер де үміткер бола алады. Ол үшін Қорғаныс министрлігі жауынгерлердің дайындық барысында жинаған ұпайларын қорытындылап, рейтингін анықтайтын әдістерді әзірлеп жатыр.
Оқи отырыңыз: Әскердегі сарбаздар тамағына бөлінетін қаражат 40% өсті. Рационға қымыз, шұбат пен құрт қосылады
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🪖 Әскерде жүрген сарбаздардың несиесі уақытша тоқтатылады
-
357
-
0
-
0
-
-
2🏔 Жыл соңына дейін қазақстандықтар тағы 9 елге ұшақпен қатынай алады. Олар қай елдер?
-
357
-
0
-
6
-
-
3🕌 Қазақстан имамдары жұма мен тарауық намаздарын бірізді оқуға үндеу жасады
-
325
-
0
-
4
-
-
4🏦 Қазақстандықтар 1 шілдеден бастап зейнетақы жинағының жартысын инвесткомпанияларға бере алады
-
328
-
0
-
4
-
-
5😱🏥 Қазақстанда АИТВ жұқтырған еркектердің саны әйелдерден 2 есе көп
-
310
-
0
-
4
-
-
6🛫 Демалыс күндері ұшақ билеті неге қымбат болады? Азаматтық авиация комитетінің жауабы
-
288
-
0
-
1
-
-
7🚴♂️ Астана мен Алматыда қанша шақырым велосипед жолы бар?
-
280
-
0
-
0
-
-
8💰"Бір тиын да алмадым". Қаржы министрі зейнетақы жинағын ерте шешіп алмауға кеңес берді
-
280
-
1
-
1
-
-
9👪 1 маусымда Астанада балаларға арналған қандай мерекелік шаралар болады?
-
295
-
0
-
3
-
-
10🌎 Қазақстанда жеті мыңнан астам 5G станциясы орнатылады
-
298
-
0
-
2
-