Тікелей эфир

Қазақстандықтар коронавирусқа қарсы қандай вакцинаны салдырғанды жөн көреді?

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды
Пандемия басталғалы қазақстандықтардың үштен бірінің вакцинация туралы ойы жақсарған.

DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында "Қазақстандықтардың коронавирусқа қарсы вакцинаға көзқарасы" тақырыбында сауалнама жүргізді. Сауалнама деректеріне сәйкес, пандемия басталғалы бері 34 пайыз азаматтың екпеге көзқарасы жақсарған. 30 пайыз респондент иммунизацияны әрдайым қолдайтынын айтты. Барлығын қосқанда, сауалнамаға қатысқан азаматтардың 64 пайызы коронавирусқа қарсы вакцинаны қолдайды.

Сонымен қатар, 23% респондент вакцинацияға қарсы.  Олардың  9 пайызы пандемия басталғалы бері ойын өзгертті, ал 14 пайызы жалпы екпе салдыруға қарсы. 2020 жылы қарашада жүргізген сауалнама  деректері бойынша, азаматтардың 14 пайызы "орайы келсе, бірден екпе жасатамын" деп жауап берген болатын. Ал, 33 пайыз адам барлық сынақтан өткен соң ғана вакцинаны жасатуды жоспарлаған еді.  

Сарапшылар, вакцинаның қауіпсіздігін дәлелдейтін ғылыми деректер, сонымен қатар коронавирусқа қарсы вакцина салдырған жора-жолдастарының пікірі адамдардың вакцина туралы ойын жақсартқанын айтады.Сауалнама қорытындысыны сүйенсек, қазақстандықтардың басым көпшілігі вакцинацияны қолдайды:

  • 59% респондент – коронавирустан қорғанудың жалғыз жолы екпе жасату деп есептейді;
  • 23% респондент – бейтарап пікірде, вакцинация жағдайды түбегейлі өзгертпейді дейді;
  • 12% респондент – вакцинация жағдайды ушықтырып жібереді ме деп алаңдайды. 

Оқи отырыңыз: Вакцина алған соң көз жұмған алматылықтың қайтыс болу себебін анықтау үшін тергеу басталды


Дегенмен, сарапшылар Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцина салу қарқыны төмен дейді. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 1,5 миллионға жуық адам вакцинаның бірінші компонентін және 350 мың адам екінші компонентін алды. Бұл – вакцина салуға болатын халықтың 15 пайызы.

Қазақстандықтардың вакцинацияға көзқарасы халықтың иммунизация қарқынына тікелей байланысты. DEMOSCOPE бюросы дерегінше, жалпы алғанда 40% респондент ковидке қарсы вакцина жасатқан (14%) немесе жақын арада жасатпақшы (26%).  21% нәтижелігі дәлелгенден соң,  жасатуы мүмкін. Қатысушылардың үштен бірі (32%) вакцинаны мүлде жасатпайды.


Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау министрі: Вакциналау паспортын сатқан адамдар қатаң жазаланады


Осы жауап нұсқасын таңған респондентерден не себепті бас тартқанын сұрадық. 14% азаматтың денсаулығына  байланысты вакцина салдыруға болмайды. 4 пайызы салдары ауыр бола ма деп қорқады. Тағы 4 пайызы вирустан қорғайтынына сенбейді және вирус та, вакцина да ойдан шығарылған  деп ойлайды. Ал, 3 пайызы бұған дейін коронавируспен ауырдым деп жауап берді. 

Қазіргі таңда қазақстандықтар Спутник-V, QazVaс, Hayat-Vaх секілді үш вакцина арасынан таңдай алады. Екпе түрін таңдауға және вакцинация қарқынына ақпарат кеңістігі де ықпал ететіні ақиқат. Ресейден шығатын вакцина туралы ақпараттың көптігі де вакцина айналасындағы ақпараттық соғыс секілді азаматтардың таңдауына өз үлесін қосады. 

"Сауалнамасы барысында әртүрлі елдерде өндірілген түрлі вакциналарға "сенім рейтингі" жасалды. Рейтингте ресейлік "Спутник-V" көш бастайды. 62 пайыз қазақстандық вакцинаның дәл осы түрін ең сапалы деп санайды. Екінші орында – Отандық вакцина "QazCovid-in" 12 пайыз. Ал, 2 пайыз  дауыс жинаған "AstraZeneca", "Pfizer" , 1 пайыз дауыс жинаған Sinovac қазақстандықтар арасында сұранысқа ие емес", – делінген DEMOSCOPE ақпаратында.

Отандық вакцинаның аз дауыс жинауының себебі ендірудің бастапқы кезеңінде болғаны және  үкіметтің коммуникациялық стратегиясындағы кемшіліктер болуы мүмкін. 

Қатысушылардан "Қай ел шығарған вакцинаны қауіпсіз деп санайсыз?" деген сұрақ қойылды. Антирейтингте бірінші орында – Sinovac Biotech, 11 пайыз. 8% қатысушы AstraZeneca-ға сенбейді. 6% Pfizer-ге, және 5 пайыз отандық QazCovid-in-ге сенбейді. 66 пайыз респондент бұл сұраққа нақты жауап бере алмады.

DEMOSCOPE зерттеуі көрсеткендей, ең алдымен, азаматтардың вакцина туралы дәлелді ақпаратқа қанық болуы және ақпараттық саясаттың нәтижесі  қоғамның коронавирусқа қарсы вакцинаға деген көзқарасынан көрініс табады.

Сауалнама 2021 жылы 27-30 сәуір аралығында 14 облыс пен республикалық маңызы бар қалаларда тұратын, 18 жастан асқан 1100 адам қатысты. Қатысушылардың 53 пайызы ер азаматтар, 47 пайызы әйелдер.

Серіктестер жаңалықтары