Тікелей эфир

Вакцина алған соң көз жұмған алматылықтың қайтыс болу себебін анықтау үшін тергеу басталды

Науқастың жағдайы үйде нашарлап, жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған. 

Алматы тұрғыны Бақытжан Нұртазин коронавирусқа қарсы Спутник V вакцинасын салдырғаннан кейін қайтыс болды. Соған орай, оның қайтыс болу себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама басталған.  

"Азамат Бақытжан Нұртазин, 1979 жылы туған, биыл 12 сәуір күні емханаға коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алу үшін жүгінген. Процедура хаттамаға сәйкес өтті. Екпеден кейін Бақытжан Нұртазин 30 минут бойы бақылауда болған, ешқандай шағым жасамаған. 21 күннен кейін вакцинаның екінші компонентін алған. Дәрігердің қарауы кезінде жағдайы қанағаттандырарлық болған, екпе процедурасынан кейін 30 минут бақылауда болып, Бақытжан Нұртазин үйіне кеткен. Жағдайы үйінде нашарлаған. Жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған", – делінген Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасының хабарламасында. 

Алдын ала болжамдарға сәйкес, жедел жүрек-қантамыр жетіспеушілігінен қайтыс болған. Қайтыс болу себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама басталды. Нәтижелер қосымша хабарланатын болады, нақты диагноз гистологиялық зерттеуден кейін белгілі болады.


Оқи отырыңыз: 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары