Тікелей эфир

"Жылқылар қабірлерді таптап жатыр". Павлодар облысында ауыл тұрғындары көмек сұрады

Қараусыз мал қоршауы жоқ зираттағы қабірлер үстінде жүр.

Павлодар облысының Мойылды ауылында тұрғындар Павлодар қаласының басшылығынан жергілікті зиратты қоршауды сұрады, деп хабарлады Pavlodarnews

Тұрғындардың айтуынша, қоршаусыз зират ауылдағы малдың жолына айналған. Жайылып жүрген жылқылар, тіпті, өлілер жерленген қабірдің үстімен де жүріп өтеді. 

"Бұл сұрақты көтеріп келе жатқанымызға екі жыл болды. Мойылды ауылындағы мұсылмандар зиратының қоршауы жоқ. Мәселе қаржыландыруға келіп тіреледі. Осы жолы ТҮКШ бөлімінің басшысында қабылдауда болдым. Ол жерде көбінің туыстары жерленген. Жылқылар жайылып жүреді. Обал емес пе?  Жан-жағында қазылған жерде қоқыс жатады. 2025 жылы осы мәселе шешімін тапса, жақсы болар еді", – деді ауыл тұрғыны, зейнеткер Марат Смағқұлв. 

Қала басшысы Хасар Хабылбеков аталған сұрақты бюджетті нақтылау кезінде қарастыруға уәде берді, деп жазды басылым. 


Оқи отырыңыз: "Әсіре сәндеуге рұқсат жоқ": Қазақстанда зират көтеру мен құлпытас қоюдың тәртібі қандай


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары