Түркістан облысында "Бұл – біздің таулар" фестивалі өтті

Фестиваль мақсаты – оқушыларға аймақтағы таулы өлкелерді таныстыру, табиғат құндылықтарын насихаттау, тау туризмін дамыту.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Түркістан Оқушылар сарайы мен Turkistan Tourism Center орталығы бірлесіп "Бұл – біздің таулар" фестивалін ұйымдастырды. Шараның мақсаты – оқушыларға аймақтағы таулы өлкелерді таныстыру, табиғат құндылықтарын насихаттау, тау туризмін дамыту және Түркістан облысының жаңа туристік бағыттарын таныстыру.


Фестивальға Түркістан қаласындағы 30 мектептен үздік, белсенді әрі талантты 30 оқушы және "Оқушылар сарайындағы" үйірмелерге қатысушы, көптеген республикалық және халықаралық додаларда топ жарып жүрген дарынды 20 оқушы қатысты. Олар Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және Хантағы демалыс аумағына саяхат жасап, түрлі қызықты сайыстар мен ойындар ойнап уақыт өткізді. 


Алдымен Түркістан қаласынан жолға шыққан фестиваль қатысушылары Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне барды. Онда оқушылар "Бұл – біздің таулар" тақырыбында сурет салудан сынға түссе, одан кейін "Дрон ұшыру" бойынша өздерінің қабілетін көрсетті. Сонымен қатар өнерден алыс емес балалар өлең, эссе жазып және ән айтып та талантын көрсетіп, ұйымдастырушылардың жүлделеріне ие болды. Ал екінші күні Хантағы демалыс аумағына барған балалар кедергілер арқылы тау шыңдарын бағындырды. Сондай-ақ, пікірсайыс ұйымдастырып, өздерінің жан-жақтылықтарын көрсете білді. 

"Балаларды табиғатқа жиі алып бару, оларға қызықты сәттер сыйлау өте пайдалы. Мен өзім де тауға жиі шығамын. Адам табиғатпен тілдесу арқылы жаңа белестерге күш-қуат алады. Сонымен қатар, бүгінгі шара ең бірінші кезекте балаларды табиғатты аялауға үйретері сөзсіз", – дейді Оқушылар сарайы директоры Индира Сарқытқызы. 

Айта кетейік, аталмыш фестиваль 20 жылдан бері өткізіліп келеді. Жыл сайын фестиваль қатысушылары арасында ішкі туризмді дамытуға қызығушылық пен табиғатты қорғауға деген құлшыныс артып келеді. 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Популярное в нашем Telegram-канале

Серіктестер жаңалықтары