Синоптиктер шілдеде құрғақшылық болуы мүмкін облыстарды атады. Дегенмен бұл айда еліміздің көп аумағында ылғал нормаға сай болады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Орташа құрғақшылық:
- Ақмола облысының Жарқайың ауданында;
- Қостанай облысының Жангелді ауданында;
- Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз аудандарында;
- Қарағанды облысының Шет және Ақтоғай аудандарында;
- Түркістан облысының Қазығұрт, Шардара және Отырар аудандарында болуы мүмкін.
Қатты құрғақшыл:
- Қызылорда облысының Қармақшы ауданында;
- Қостанай облысының Амангелді ауданында болуы мүмкін.
"Қалыпты ылғалды ауа райы Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында, Петропавлда және Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданында болжанады", – делінген хабарламада.